Оқушыларға » Қоянбай ОМ
Абай облысы білім басқармасының
Бесқарағай ауданы білім бөлімінің
«Қоянбай орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (72236) 45-84-39
Есепші бөлімі:
+7 (72236) 45-84-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Оқушыларға
ҰБТ 2019-2020 оқу жылы
28
август
2020
ҰБТ 2019-2020 оқу жылы
2019-2020 оқу жылы бойынша 4 оқушы ҰБТ тапсырды. ҰБТ-дің қорытындысы бойынша жалпы орташа ұпай - 99,75% құрады. "Алытн белгі" төс белгісінің иегері Бекешева Ақнұр- 124 ұпай алды. Қазір Нұр-Сұлтан қаласының Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетің мемлекеттік грант иегері. Нұғытаева Аяжан - 99 ұпай. Қазір Семей қаласының Медициналық академиясның мемлекеттік грант иегері. Темірболатова Нұрайлым - 93 ұпай. Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің мемлекеттік грант иегері.
Мектепішілік "Абай оқулары" сайысы
07
февраль
2020
Мектепішілік "Абай оқулары" сайысы
"Қоянбай орта мектебі" КММ бойынша "Абай әлемі" онкүндігі аясында 2020 жылғы 7 ақпан күні мектепішілік "Абай оқулары" сайысы өтті. Сайысқа 5-10 сынып оқушылары қатысты. Нәтижесінде «Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы» Абай шығармаларын жатқа мәнерлеп оқудан І орын Бектұрсын Балнұр 5 - сынып оқушысы, ІІ орын Избастина Дамира 6 - сынып оқушысы және ІІІ орын Мырзахмет Гаухар 5 - сынып оқушысы иеленді."Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда" өз шығыармашылығы бойынша жас дарындар байқауынан жүлделі І
"Өлең толқыны" поэзия пленэрі
06
февраль
2020
"Өлең толқыны" поэзия пленэрі
Абай Құнанабаевтың 175 жылдығына арналған "Абай жылы -оқу жылының" ашылуы құрметіне жастар арасында республикалық "Өлең толқыны" поэзия пленэрінде өнер көрсеткені үшін "Қоянбай орта мектебі" КММ-нің 11-сынып оқушысы Бекешева Ақнұр сертификатпен марапатталды.
Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі
06
февраль
2020
Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша ІІ орынды жеңіп алғаны үшін "Қоянбай орта мектебі" КММ-нің 11-сынып оқушысы Темірболатова Нұрайлым марапатталды.
Пән бойынша республикалық олимпиаданың аудандық кезеңінің жүлдегерлері
06
февраль
2020
Пән бойынша республикалық олимпиаданың аудандық кезеңінің жүлдегерлері
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың аудандық кезеңінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша І орынды жеңіп алғаны үшін "Қоянбай орта мектебі" КММ-нің 11-сынып оқушысы Темірболатова Нұрайлым және биология пәні бойынша ІІІ орын иеленгені үшін 11-сынып оқушысы Нугытаева Аяжан марапатталды.
KIO Республикалық қашықтық олимпиадасы
06
февраль
2020
KIO Республикалық қашықтық олимпиадасы
KIO Республикалық Интернет Олимпиада сайты ұйымдастырған "Жас білімпаз" бастауыш сынып пәндері бойынша Республикалық қашықтық олимпиадасының жеңімпазы ІІ дәрежелі диплом, аудан бойынша І орын және облыс бойынша І орын иегері "Қоянбай орта мектебі" КММ-нің 3- сынып оқушысы Данияр Қалиасқар марапатталды.