22
май
2020
Call - центр
Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 2 қыркүйектегі "Конструктивті қоғамдық диалог- Қазақстан тұрақтылығы мен гүлденуінің негізі" Жолдауын және ҚР Білім және ғылым министрлігінің тапсырмаларын орындау мақсатында облыстық білім басқармасында 8-7232-700-800 нөмірі бойынша байланыс орталығы жұмыс істейді, азаматтарға өздерін қызықтыратын мәселелер бойынша байланысуға болады. Бұл байланыс орталығы халықты білім беру, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін обьективті қарау, сондай-ақ мемлекеттік орган қызметінің тиімділігін арттыру мәселелері бойынша кері байланысты қамтамасыз ету үшін құрылған. Қоңырау шалу орталығына қоңырау шалған кезде жауап беру құрылғысы обонентті сұрақтың сипатына сәйкес сол немесе басқа бөлімге жібереді.