Жаңа жыл - 2021
"Жаңа жыл - 2021" мерекесі қашықтықтан атап өтілді. Аяз атамен ақшақар өз тілектерін әлеуметтік желі арқылы жолдады. Ауылымзыдың беделді азаматтарының қолдауымен мектеп бойынша көп балалы және аз қамтылған отбасы балаларына жалпы саны 30 оқушыға жаңа жылдық тәттілер тарту етілді. Көп балалы отбасынан шыққан 4-сынып оқушысы Т.Нұрсұлтанға ел Президенті К.К.Тоқаевтың атынан құттықтау қағазы, жаңа жылдық тәттілер, ертегі кітабы және оқушы үшін ең керекті ноутбуктің сертификаты тарту етілді.