Мектепішілік "Абай оқулары" сайысы » Қоянбай ОМ
Абай облысы білім басқармасының
Бесқарағай ауданы білім бөлімінің
«Қоянбай орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (72236) 45-84-39
Есепші бөлімі:
+7 (72236) 45-84-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мектепішілік "Абай оқулары" сайысы
07
февраль
2020

Мектепішілік "Абай оқулары" сайысы

"Қоянбай орта мектебі" КММ бойынша "Абай әлемі" онкүндігі аясында 2020 жылғы 7 ақпан күні мектепішілік "Абай оқулары" сайысы өтті. Сайысқа 5-10 сынып оқушылары қатысты. Нәтижесінде «Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы» Абай шығармаларын жатқа мәнерлеп оқудан І орын Бектұрсын Балнұр 5 - сынып оқушысы, ІІ орын Избастина Дамира 6 - сынып оқушысы және ІІІ орын Мырзахмет Гаухар 5 - сынып оқушысы иеленді."Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда" өз шығыармашылығы бойынша жас дарындар байқауынан жүлделі І орынды 7-сынып оқушысы Рамазан Айым иеленді. «Көңілім әнді ұғады» Абай әндерін орындау номинациясы бойынша І орын 5-сынып оқушылары, ІІ орынды 6-сынып оқушылары қанжығаларына байлады. Мектепішілік "Абай оқулары" сайысына белсене қатысқан барлық оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталды.