Масленица » Қоянбай ОМ
Абай облысы білім басқармасының
Бесқарағай ауданы білім бөлімінің
«Қоянбай орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (72236) 45-84-39
Есепші бөлімі:
+7 (72236) 45-84-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Масленица
27
февраль
2018

Масленица

«Масленица» мерекесі
Қоянбай орта мектебінде ақпан айының 17 күні «Масленица» мерекесі өтті. Бұл мейрамының басты тағамдары майлы болғандықтан осылай аталған. Осы мереке халық алдын ала дайындық жүргізеді: аулы тазартып, үй іші жиналады. Бұл мерекеге халық арнайы аттар жегіп, көңілді ойындар ұйымдастырып, дастархан әзірлеп,арнайы құймақ пісіреді .Осындай көңілді мереке Бұл мерекені ұйымдастыруға – мектеп ұжымы, оқушылар, ата – аналар көмектесіп ат салысты.
Мерекеге қатысушыларды Орыс тілі мен орыс әдебиетті пәнінің мұғалімі,еңбек ардагері Избастина Камила Аменовна және мектеп директоры Шахмановна Адигул Қабылқызы жақсы тілектерімен құттықтады. Әр сынып жетекшілері оқушыларымен бірге тәтті құймақ пісіріп, тәттілерді дайындап мерекелі дастарханды ұйымдастырды. Орыс тілі пәнінің мұғалімдері орыс халқының киімдерімен мерекенің сәнін келтірді. Мерекені тойлау барысында ойындар, әндер, билер өз жалғасын тапты. Оқушылар қыс пен көктем туралы жұмбақтар шешіп, жаңылтпаштар, мақал – мәтелдер айтты. Көңілді кештің соңында көптен масленица бейнесі қарақшысын жағумен аяқталды. Барлық қатысушылар жақсы көңіл күйде болып, ыстық құймақтан дәм татты.



Похожие публикации:

27 февраль 2018 Онкүндік
27 февраль 2018 Жарқын болашақ
admin
27 февраля 2018 05:15
Мереке қызықты өтті!!!