13
март
2021
8-наурыз Халықаралық әйелдер күні
«Қоянбай орта мектебі»КММ-і бойынша 8-наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай жоспар бойынша 2-5 наурыз күндері аралығында бірнеше іс-шаралар атқарылды. 2-наурыз күні барлық сыныптарда сынып жетекшілердің ұйымдастыруымен «Ана–өмір шуағы» атты тәрбие сағаттары өтті. Тәрбие сағатына барлық оқушылар қамтылды. Мектеп кітапханашысы К.Е.Батталова 3-наурыз күні «Әлемде көктем бүгіннен басталады» атты шығармашылық көрме әзірледі. Көрмеге бастауыш сынып оқушылары қатысты. 4-наурыз күні 1-9 сынып бойынша «Ардақты менің анашым» атты бейне құттықтау әлеуметтік желіге жүктелді. Осы күні барлық сынып оқушылары сынып жетекшілердің ұйымдастыруымен «Ана-өмірдің айнасы» атты құттықтау қабырға газеттерін шығарды. 5-наурыз күні Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында 5-8 сынып оқушылары арасында «Тәуелсіздік аруы- 2021» қашықтықтан арулар байқауы өтті. Әділ қазы алқалары арулардың өнерін әділ бағалап, соңында жеңімпазды анықтады. Арулар мақтау қағазымен және сыйлықтармен марапатталды. Және осы күні мектебіміздің «Болашақ» өзің-өзі басқару ұйымының мүшелері «Мерекелеріңізбен аяулы әжелер, ақ жаулықты аналар, сұлу қыздар!» меркелік құттықтау ұйымдастырды. Музыка әуенімен аруларды қарсы алып, құттықтау қағаздарымен өз қолдарынан жасаған гүл шоқтарын ұсынды. Мерекеге орай атқарылған іс-шаралар әлеуметтік желілерге жүктеліп қорытынды есебі жасалды.


